Астанадағы ғимараттардың бірінде болған газ баллоны жарылысынан бір адам қаза тапты. Құтқарушылар үйінді астынан әйел адамның мүрдесін алып шықты.
Бұған дейін оқиға орнында үш адамның зардап шеккені хабарланды. Сондай-ақ, ғимарат астында есепші қалуы мүмкін деп болжанды.
Айта кетейік, жарылыс жұма күні "МолПродуктсервис" компаниясы ғимаратында орын алды.
1991 және 1970 жылдары туған екі ер адам қалалық №1 ауруханаға жеткізілді. 1979 жылы туған әйел травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жатқызылды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz