KZNEWS.KZ
Қоғам

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты

• Айгерім Асылова
фото: видеодан скрин

Астана қаласы Сарайшық ауданында Қошкарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасының ғимаратында жертөледегі электр қалқанында өрт шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Хабарлама түскеннен кейін 2 минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге дереу кірісті. Қауіпсіздік мақсатында медициналық қызметкерлер мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды.

Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды.

Құтқарушылардың арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →