Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанадағы LRT станциясында түнде өрт шықты: ТЖМ себепті атады

Астанадағы LRT станциясында түнде өрт шықты: ТЖМ себепті атады
Фото: ашық деркккөзден

Астанада LRT желісінің станцияларының бірінде түнде өрт шықты. ТЖМ мәліметінше, дәнекерлеу жұмыстары кезінде пластик құбырлар мен жылу оқшаулағыш материал тұтанған, деп хабарлайды kznews.kz.

Астанадағы LRT станциясында түнде шыққан өрттің мән-жайы белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт дәнекерлеу жұмыстары кезінде тұтанған.

Ведомствоның хабарлауынша, құрылыс алаңында пластик құбырлар мен жылу оқшаулағыш материал жанған. Өрт аумағы шамамен 20 шаршы метрді құраған. Жалын өрт сөндірушілер келмей тұрып толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Астананың оң жағалауындағы тұрғындар Шәмші Қалдаяқов көшесі маңындағы LRT желісі аумағынан қою түтін шыққанын байқаған. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.