Астанада қоғамдық көлікте жүрудің жаңа тарифтері бекітілді. Ең қымбат жолақысы экспресс бағыттарда, қолма-қол ақшамен төлеген жаңдайда 400 теңге беруіңіз керек.
Астанада қоғамдық көлікте жүрудің жаңа тарифтері бекітілді. Енді қалалық автобустарда электрондық төлем арқылы жол жүру құны 150 теңге, ал қолма-қол төлегенде 300 теңге болады, деп хабарлайды kznews.kz.
Жаңа тарифтер бағыттың түрі мен төлем тәсіліне қарай белгіленген. Қалалық және әлеуметтік маңызы бар тұрақты бағыттарда электрондық жол жүру құжатымен немесе басқа электрондық сервистер арқылы төлем жасаған жолаушылар 150 теңге төлейді. Қолма-қол есеп айырысатындар үшін жолақы 300 теңге болып бекітілді.
Экспресс бағыттарда электрондық төлеммен жүру құны 300 теңге, қолма-қол ақшамен төлегенде 400 теңге болады.
Қала маңына қатынайтын автобустарда жолақы жүрілген қашықтыққа қарай есептеледі. Электрондық төлем кезінде әр шақырымға 13 теңге, ал қолма-қол есеп айырысқанда 19 теңге төлеу қажет.
Құжатта электрондық төлем жүйесі істен шыққан жағдай да ескерілген. Мұндай кезде электрондық жол жүру құжатымен немесе өзге электрондық сервистер арқылы төлем жасайтын жолаушылардан жолақы алынбайды.
Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Айта кетейік, қазір Астанада қалалық автобустарда электрондық төлеммен жол жүру құны 110 теңгені құрайды. Әкімдік тарифті көтеру қажеттігін тасымалдаушылар шығынының өсуімен, автобус паркін жаңарту және бағыттар желісін дамыту қажеттілігімен түсіндірген.