Астанада стоматологияда 20 жастағы жігіт көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада стоматологияда 20 жастағы жігіт көз жұмды

Астанада стоматологияда 20 жастағы жігіт көз жұмды
Фотоиллюстрация: Kznews AI

Астанада жеке стоматологиялық орталықтардың бірінде 20 жастағы жігіт иннекциядан соң қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz.  Бұл туралы ақпарат алғаш рет әлеуметтік желілерде тарады.

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, науқасқа медициналық препарат алдын ала аллергиялық сынама жасалмай енгізілген. Инъекциядан кейін жігіттің денесі тырысып, жағдайы күрт нашарлаған. Алайда оған сол препарат қайтадан егілгені айтылып отыр. Осыдан кейін жас жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Сондай-ақ, кей деректерде инъекцияны тәжірибеден өтіп жүрген практикант жасауы мүмкін екені, ал жауапты дәрігердің жағдайды тиісті деңгейде бақыламағаны көрсетілген.

Аталған оқиғаға байланысты Астана қаласының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалмағанын, алайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қайтыс болған жігіттің есімі Мұрат болған деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.