Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада сауда орталығында іш киіммен жүгірген ер адам қамауға алынды

Астанада сауда орталығында іш киіммен жүгірген ер адам қамауға алынды

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік желілерге тараған бейнежазбада ер адамның іш киіммен сауда орталығында айқайлап жүгіріп жүрген сәті түсіп қалған. Ол қолында плакат ұстап, айналасындағылардың тыныштығын бұзған.

«Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полицейлер елорданың сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жартылай жалаңаш күйде плакат ұстап, келушілердің назарын аударып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның видеосын анықтады. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 26 жастағы құқық бұзушының жеке басы анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция өкілдері бұл жағдайға байланысты азаматтарға қоғамдық орындарда әдеп сақтап, өзгелердің құқығы мен тыныштығына құрметпен қарауға шақырды.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті. Мұндай әрекеттер құқық бұзушылық болып есептеледі және заңмен жазаланады», – деп атап өтті ІІМ баспасөз қызметі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.