KZNEWS.KZ
Қоғам

Астанада құрылыс краны құлап, оператор қаза тапты

Айжан Сыланова
Фото: ЖИ

Астанада құрылыс алаңында кранның құлауы салдарынан адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Salman City тұрғын үй кешенінің құрылыс аумағында болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 27 тамыз күні шамамен сағат 16:30-да Қазыбек би көшесі, 41/1 мекенжайында тіркелген. Құрылыс жұмыстары кезінде кран құлап, оны басқарып отырған оператор ауыр жарақат алған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жеткен. Алайда ер адамның алған жарақаты тым ауыр болған. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады.

Қазір оқиғаға қатысты тексеру басталып, кранның құлауына не себеп болғаны және өзге де мән-жайлар анықталып жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →