Қоғамдық пікір: жұрт саяси жүйеге қаншалықты сенім артады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада пышақ ұстаған 7 жастағы бала тұрғындарды шошытты

Астанада пышақ ұстаған 7 жастағы бала тұрғындарды шошытты
Фото: әлеуметтік желіден

Астанада жеті жастағы баланың қолына пышақ ұстап, тұрғын үйлердің ауласында жүргені түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, жұртты алаңдатты, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Оқиға Тілендиев көшесі бойында болған. Куәгерлердің айтуынша, бала өзін агрессивті ұстап, өтіп бара жатқан адамдарға жақындауға әрекеттенген. Қауіптенген тұрғындар одан барынша алыс жүруге тырысқан.

Астана қалалық полиция департаменті бұл жағдайға байланысты тексеру жүргізіп, баланың жасы жетіде екенін анықтады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оның заңды өкілі бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.

Сонымен қатар жиналған материалдар Сарыарқа аудандық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданды. Алдағы уақытта бұл іс баланың жағдайын бақылауға алу мақсатында қаралатын болады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.