Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қатарластарына пышақ кезенген алты жасар баланың әрекеті елді шошытты

Қатарластарына пышақ кезенген алты жасар баланың әрекеті елді шошытты

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада футбол алаңында болған оқиғадан балалардың қатты қорқып қалғаны байқалады. Дегенмен, қатарластарының араласуы арқасында қайғылы жағдай орын алмады.

Қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомство дерегінше, кәмелетке толмаған баламен оның заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілген. Әңгіме барысында мұндай әрекеттердің қауіптілігі түсіндіріліп, қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігі ескертілді.

«Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамағаны үшін заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген полиция хабарламасында.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.