– Негізінен екі мәселеге наразы болып тұрсыздар ғой. Бірі тұрғын үй жағдайы сәйкес келмесе, онда балаларды тартып алады-мыс деген жорамал. Заңда ондай талап жоқ. Бала белгілі бір жасқа келген кезде жынысына қатысты ой-пікірін айтады-мыс деген нәрсе де заңда қарастырылмаған. Ондай нәрсе жоқ, – деп еді әйелдер «ондай нәрсе бар!» деп айқайлап, шулап кетті деп хабарлайды Азаттық.18 қаңтар сағат 14:30-дегі жағдай бойынша, әйелдердің біраз бөлігі тарқаған, біраз бөлігі депутаттармен кездесеміз деп министрліктер үйі маңында қалған. Былтыр қыркүйекте мәжіліс 49 баптан тұратын «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған. 18 қаңтарда министрліктер үйіне келген наразы әйелдер заң жобасында бұлыңғыр ұғымдар көп екенін айтып, оны мақұлдаған және әзірлеген шенеуніктермен кездескісі келетінін айтқан. Отбасы құндылықтарына және ішкі мәселесіне қауіп-қатер төндіретін, «шикі» тұстары көп деп жиі сыналып жүрген құжатқа наразылар артып келеді. Заң жобасының толық мәтіні қолжетімсіз. Билік тарапынан жалпыхалықтық деңгейде ашық түсіндіру жұмыстары бастала қойған жоқ.
*Ақпарат толықтырылды
Дереккөз: "The Qazaq Times"