"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада лифт ішінде аймаласып, сүйіскен екі еркек қамауға алынды

Астанада лифт ішінде аймаласып, сүйіскен екі еркек қамауға алынды

Астанада лифтіде аймаласып, сүйіскен екі еркекке қатысты тың мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Сотта оның бірі лифт есіктерін бірнеше рет жұдырықпен ұрып, бейнебақылау камерасын қасақаны бүлдіргені анықталды.

Сот отырысында ол өзінің кінәсін толық мойындап, мас күйінде құқық бұзушылық жасағанын түсіндірді.

«Құқық бұзушылықты жасау мән-жайлары, құқық бұзушының түсіндірмесінен басқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, түсініктемелермен және полиция инспекторының баянатымен расталды.

Сот қаулысымен Ш. ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі және 434-бабы 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Шығын өтелмегендіктен, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды», - делінген қалалық сот хабарламасында.

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Астанадағы көпқабаттың үйлердің бірінде екі ер адамның аймаласып, сүйісіп тұрғаны хабарланған болатын.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.