"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада коронавирус жұқтырғандар тұратын үйдің кіреберісі карантинге жабылады

Астанада коронавирус жұқтырғандар тұратын үйдің кіреберісі карантинге жабылады

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері коронавирусқа байланысты қосымша шектеу шаралары туралы қаулыға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирус табылған адамдар тұратын тұрғын үйлердің кіреберісі карантинге жабылады. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астананың бас санитарлық дәрігері коронавирусқа байланысты қосымша шектеу шаралары туралы қаулыға қол қойған. 

"Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының әкімдері вирус жұқтырған адамдар тұратын тұрғын үйлердің кіреберісін карантинге жабуды қамтамасыз етуі тиіс", – деді Қисықова онлайн брифингте.

Бұл үйдің тұрғындарына жақын маңдағы дүкендер мен дәріханалардан азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіледі.

Полиция қызметкерлері тұрғындардың кіреберістен шығып кетуін және бөгде адамдардың кіруін болдырмау үшін тәулік бойы тұрғын үйді күзетеді.

"Барлық талапты сақтау керек. Бұл қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда коронавирустың ошағы табылды: кіреберіске құлып салынды

Денсаулық сақтау басқармасына вирус жұқтырған адамдармен жақын араласқандарды бақылау тапсырылды.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан