Абай облысына 4,4 трлн теңге инвестиция тартылмақ: Тоқаев Берік Уәлиге нақты тапсырмалар берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада көлік жарылысынан ауыр жарақат алған азамат көз жұмды

Астанада көлік жарылысынан ауыр жарақат алған азамат көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Астанада жеңіл көліктегі жарылыстан ауыр жарақат алған Алмас Әдешов ауруханада көз жұмды. Қаралы хабарды оның қызы Айым әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмның қызы әкесін еске алып, оның өмірден өтуі отбасы үшін ауыр қайғы болғанын жазған. Сондай-ақ ол отбасылық мұрағаттағы бейнежазбаны бөлісті.

Айтуынша, жарылыс кезінде көлікте ата-анасы мен екі сіңлісі болған. Оқиғадан кейін Алмас Әдешов жансақтау бөліміне жатқызылса, қалған отбасы мүшелерінің жағдайы тұрақты деп бағаланған.

Еске салайық, оқиға Астананың Сарайшық ауданындағы Қасым Аманжолов көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлікте газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан. Салдарынан бес адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.