Әділет министрлігі "Әділет" партиясын ресми тіркеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада көлік жарылып, 5 адам зардап шекті

Астанада көлік жарылып, 5 адам зардап шекті

Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен бес адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Олардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды kznews.kz.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төрт ересек адам №1 көпсалалы қалалық ауруханаға, ал бала №2 көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқастардың жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.

Оқиға елорданың Сарайшық ауданындағы Қ. Аманжолов көшесінде болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жол жиегінде тұрған жеңіл автокөлікте газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан. Жалын жақын маңдағы бірнеше көлікке де тараған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жетіп, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебі мен жарылыстың мән-жайын анықтап жатыр. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.