Ресейдің құрылыс нарығы құлдырады: Қазақстанға қандай әсері бар?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада базарда газ жарылды: үш адам зардап шекті

Астанада базарда газ жарылды: үш адам зардап шекті
Фото: видеодан скрин

Астанада базардағы тандырханада газ жарылды: үш адам зардап шекті, деп хабарлайды kznews.kz.

Астананың Байқоңыр ауданындағы Ш. Жиенқұлова көшесінде орналасқан базар аумағындағы екіқабатты әкімшілік ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылып, үш адам зардап шеккен.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа көлемі 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығының бұзылуы салдарынан жиналған газ-ауа қоспасының тұтануы себеп болған.

"Оқиға ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса әзірленетін бөлмеде тіркелген. Жарылыс салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы опырылып түсті", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар үш зардап шеккен адамды анықтап, олардың барлығын қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізді.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі