Ресейдің құрылыс нарығы құлдырады: Қазақстанға қандай әсері бар?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада кәріз құдығынан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Астанада кәріз құдығынан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды
Фото: pixabay.com

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің кәріз жүйесінен жаңа туған нәрестенің денесі табылып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға туралы алғаш болып Threads әлеуметтік желісінде сол үйдің тұрғындарының бірі жазған. Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын тұрғын үйдің іргесінен қонақүй салынғаннан кейін түрлі келеңсіз жағдайлар жиілеген.

Тұрғынның сөзінше, қайғылы оқиға осы айда болған. Алдын ала болжам бойынша, қонақүйге келген әйелдердің бірі бөлмедегі дәретханада шала туған қыз баланы дүниеге әкеліп, кейін нәрестені ортақ кәріз жүйесіне тастаған болуы мүмкін.

Оның айтуынша, түнгі сағат үштер шамасында көршісі хабарласып, кәріз құбырынан нәрестенің мәйіті табылғанын және полиция қызметкерлеріне көмек қажет екенін жеткізген. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары алдымен үй тұрғындарының қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны тексерген. Алайда көршілер мұндай күдікті жоқ екенін айтып, оқиғаға қонақүйге келген адамдардың қатысы болуы ықтимал екенін алға тартқан.

Сондай-ақ тұрғын полиция қызметкерлерінің қонақүйде заңсыз әрекеттер, оның ішінде тыйым салынған заттардың айналымы болуы мүмкін екенін де айтқанын жеткізді. Алайда бұл ақпаратқа қатысты құқық қорғау органдары әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Астана қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша түсініктеме беріп, Алматы аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, қажетті сот сараптамалары тағайындалған. Полицияның мәліметінше, тергеу барысында бұл қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен бір тұлға анықталған. Тергеу жалғасып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.