KZNews.kz
Қоғам

Астанада фельдшердің басына кірпіш қаптамасы мен кондиционер құлаған

Ayzhan Sylanova
Фото: ашықдереккөз

Кеше Астанада тұрғын үйдің қасбетіндегі кірпіш қаптамасының бір бөлігі мен кондиционер құлап түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, олардың екеуі — фельдшер. Барлық науқас №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір екі фельдшер жансақтау бөлімінде, қалған үш адам бейінді бөлімшелерде ем қабылдап жатыр.

Жансақтау бөліміндегі медициналық қызметкерлердің бірінің жағдайы өте ауыр. Оның күйеуінің айтуынша, әйелі зардап шеккендерді құтқару кезінде тоғызыншы қабаттан құлаған кондиционердің астында қалған.

«Төтенше жағдай қызметін бес минут күттік — келмеді. Сол сәтте балалар жылап жатқан. Жарым барып, оларды шығарып алды. Ер адамды босатуға тырысқанда, дәл сол кезде кондиционер басына құлады», — деді ол.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы екінші фельдшердің нейрохирургия бөлімінде жатқанын, жағдайы орташа ауыр екенін мәлімдеді. Екі медициналық қызметкердің жарақаттары өндірістік жарақат ретінде тіркелді.

Қазір оқиға бойынша полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен қатар еңбек жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 188-бабы аясында тексеру бастаған.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары