Әлеуметтік желілерде Есіл өзенінің бойынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. Осы оқиғаға қатысты Астана қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz
Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полицейлер марқұмның жеке басына қатысты мәліметтерді анықтады.
– Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Астана қаласының Полиция департаменті.