KZNews.kz
Қоғам

Астанада автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

Ayzhan Sylanova

Астанада ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді: қоғамдық автобус пен шағын автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала деректер бойынша, шағын автобустың жүргізушісі көлікті басқару кезінде рөлге ие бола алмай, аялдамада жолаушыларды күтіп тұрған қоғамдық автобусқа қатты жылдамдықпен келіп соғылған. Қатты соққының салдарынан шағын автобусты жүргізген азамат оқиға орнында қайтыс болды.

Оқиға кезінде екі жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, жедел жәрдем қызметкерлері оларды жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.

«Екі жолаушы әртүрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі таңда зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілуде», – делінген Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Полиция қызметкерлері жол апатының нақты қалай болғанын анықтау мақсатында тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға орнында қажетті сараптамалар тағайындалып, істің толық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары