Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада аула сыпырушыға күш көрсетіп, тізерлетіп кешірім сұратқан ер адам қамауға алынды

Астанада аула сыпырушыға күш көрсетіп, тізерлетіп кешірім сұратқан ер адам қамауға алынды

Астанада көше тазалаушыға күш көрсетіп, тізерлетіп кешірім сұратқан адам қолға түсті. Елорда тұрғыны бес тәулікке қамауға алынған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Аула сыпырушы сес көрсеткен жігітке қатысты арыз түсірмепті.

Кадрларда көліктің шетінде тұрған ер адам жұмысшыға бірдеңе айтып жатқанын көруге болады. Ол одан қашуға тырысқанымен, ер адам оны көшенің арғы бетіне өтіп ұстап алады. Кейін жұмысшыны жұлқылап, тізерлеуге мәжбүр етеді.

Елорда тұрғынын полицейлер бірден қолға түсірген. Дегенмен жәбір көрген ер адамның да жұмыс уақытында ішімдікке сылқия тойып алғаны анықталды. Бұл оқиғаға қатысы бар екі ер адам да жауапқа тартылды.

"Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бүгін әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Жұмыс орнында мас күйінде болған аула сыпырушы да жауапқа тартылды. Аула сыпырушысы ер адамның әйелін балағаттаған. Артынша жанжал туындаған”, – дейді Астана ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы Эльмира Шауленова.

Еске салсақ, бұған дейін Астана тұрғыны жол бойындағы жұмысшыға шабуыл жасағаны туралы жазған едік.

Автор
Нұрсұлтан