Электр энергиясы қымбаттайды: Алматы мен облыс тұрғындары неге алаңдайды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада Әділет партиясының кадрлық резервін даярлайтын мектеп ашылды

Астанада Әділет партиясының кадрлық резервін даярлайтын мектеп ашылды
Фото: Жаңа адамдар баспасөз қызметі

Астанада «Жаңа адамдар» және «Дала Қырандары» қозғалыстары іске қосқан Әділет партиясының кадрлық резерві – «Адал азамат мектебінде» оқу басталды. Жобаға белсенді жастар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен түрлі бастамашыл қозғалыстардың өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Мектептің алғашқы күнінде қатысушыларға білім беру бағдарламасы, оқу форматы және оқытушылар құрамы таныстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – қоғамдық бастамалар мен реформаларды жүзеге асыруға қабілетті жас көшбасшыларды даярлау.

«Бүгін біз елді өз қолымен өзгертетін көшбасшыларды жүйелі түрде даярлауға жол ашамыз. Осында келген әр адам алғашқы қадамын жасап үлгерді – өз дамуына жауапкершілік алды», – деді «Жаңа адамдар» өкілі Мади Омирзаков.

Ал «Дала Қырандары» өкілі Бейбарыс Камалидің сөзінше, оқу барысында теориядан гөрі алынған білімді тәжірибеде қолдануға басымдық беріледі.

«Мектептің оқыту жүйесі алынған білімді бірден тәжірибеде қолдануға негізделген. Алғашқы күннің өзі жастардың әрекет етуге дайын екенін көрсетті», – деді ол.

Білім беру бағдарламасының негізіне «Мәселе менде» қағидаты алынған. Яғни әр қатысушы өз дамуы мен нәтижесіне өзі жауап береді. Сонымен қатар бағдарлама меритократия, жеке жауапкершілік және жасампаз патриотизм қағидаттарына сүйенеді.

Мектепке әртүрлі салада қызмет ететін жастар қабылданған. Ұйымдастырушылар олардың тәжірибесін бір ортаға тоғыстырып, болашақта қоғамдық және саяси бастамаларды жүзеге асыра алатын кадрлық резерв қалыптастыруды көздейді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.