Сербияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда көз жұмды: әкесі үндеу жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақмола облысының урбанистері «Әділет» партиясының экологиялық бастамаларын қолдады

Ақмола облысының урбанистері «Әділет» партиясының экологиялық бастамаларын қолдады
Фото: «Әділет» партиясы баспасөз қызметі

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы өңірлерге кезекті жұмыс сапары аясындаАқмола облысына барды. Көкшетауда партия төрағасы Айбек Дәдебай мен Құрылтай депутаттығына кандидаттар кәсіпкерлермен, ұстаздармен, урбанистика саласының мамандарымен және өңір тұрғындарымен кездесіп, «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесуде қоршаған ортаны қорғау және қаланы абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Урбанист Расим Хамитов партияның елді мекендерді көгалдандыру, экологиялық мәдениет қалыптастыру және тұрғындар үшін қолайлы орта құру жөніндегі бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

«Біз партияның экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасына шынайы алғысымды білдіргім келеді. Бұл бағдарлама жай ғана экологиялық акция емес, ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа айналды», - деді ол.

Құрылтай депутаттығына кандидат Рауан Кенжеханұлы партия бағдарламасындағы экологиялық бағыттың негізгі міндеттеріне тоқталды. Оның айтуынша, құжатта Қазақстандағы орман алқабының көлемін 14,5 миллион гектарға дейін ұлғайту көзделген. Сондай-ақ 2030 жылға қарай таза энергия көздерінің үлесін 15 пайызға, ал 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу ұсынылып отыр.

Көкшетаудағы кездесуде экологиядан бөлек, кәсіпкерлікті қолдау және білім беру саласындағы өзекті мәселелер де талқыланды.

Кәсіпкер Индира Нұрлан өнеркәсіпті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін бірыңғай цифрлық платформаға біріктіруді ұсынды. Оның пікірінше, бұл кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты жедел алуға, өтінішті онлайн тапсырып, олардың қаралу барысын бақылауға мүмкіндік береді.

Ал колледж оқытушысы Нұржамал Оспанова жаңа экономиканың талаптарына сай маман даярлау мәселесіне тоқталды. Ол жасанды интеллект технологияларын мектеп бағдарламасына кезең-кезеңімен енгізіп, оқушылардың цифрлық дағдыларын ерте жастан қалыптастыруды, ал колледждерде робототехника мен цифрлық инженерия бағыттарына басымдық беруді ұсынды.

Жиын соңында республикалық штаб өкілдері өңірлерді дамыту кезінде әр облыстың ерекшелігі ескерілуі тиіс екенін атап өтті. Партия өңірлердің әлеуетін арттыру үшін жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін кеңейтуді, облыс орталықтарын экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күшіне айналдыруды және аграрлық секторды қолдау шараларын күшейтуді ұсынып отыр. Бұл ретте фермерлер үшін жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізуге жағдай жасау және ветеринариялық қызметтердің сапасын жақсарту көзделген.

Штаб өкілдері кездесу барысында тұрғындар көтерген барлық ұсыныс-пікірлер сараланып, партияның «Қуатты өңірлер – қуатты ел» бағытындағы жұмысыкезінде ескерілетінін айтты.

Бұған дейін партияның сайлауалды бағдарламасынажан-жақты талдау жасаған сарапшылар құжатта азаматтардың мүддесі бірінші орынға қойылғанын айтқан еді. Олардың айтуынша, бағдарламадағы барлық бастаманың түпкі мақсаты – халықтың қауіпсіздігін нығайтып, әл-ауқатын арттыру және әр азаматтың дамуына жағдай жасау.

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.