Назарбаевтың немересінің сұхбаты YouTube-тен өшірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада адасып қалған екі баланың ата-анасы жауапқа тартылды

Астанада адасып қалған екі баланың ата-анасы жауапқа тартылды
Фото: GOV.KZ

Астана шетіндегі далада адасып қалған 11 және 14 жастағы екі баланы іздеуге полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері және еріктілер жұмылдырылды. Балалар аман табылып, ата-аналарына тапсырылды.

Кешкі уақытта балалар полицияға өздері қоңырау шалып, жол таба алмай қалғанын айтып, көмек сұраған, деп хабарлайды kznews.kz.

Белгілі болғандай, олар қалаға қарай биік шөп пен қалың өсімдік басқан ашық дала арқылы өтпек болған. Алайда бағыттан жаңылып, өздігінен жол таба алмаған.

Іздеу жұмыстарына 200-ден астам адам тартылып, арнайы техника мен із кесуші ит пайдаланылды.

Балалар табылғаннан кейін олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ал ата-аналары бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.