Жаңалықтар

Астанада 80 жастағы әйелді зорлап, өлтірген қылмыскер 9 жылдан кейін ұсталды

Астанада 80 жастағы әйелді зорлап, өлтірген қылмыскер 9 жылдан кейін ұсталды
ашық дереккөзден

Астанада 2016 жылы жасалған сұмдық қылмыс ашылды. Полиция тоғыз жыл бұрын 80 жастағы кейуананы зорлап, өлтірген 65 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2016 жылы зейнеткердің үйіне кіріп, оны зорлап, ұрып-соғып, қылмыстың ізін жасыру мақсатында өлтіріп кеткен.

Оқиға орнынан криминалистер елеусіз биологиялық іздерді жинап, ДНҚ-код үлгісін бөліп алған. Сол кезден бері күдікті іздеуде болған, алайда тоғыз жыл бойы жасырынып келген.

ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің мамандарының айтуынша, заманауи молекулалық-генетикалық зерттеу әдістері мен жаңа ДНҚ деректер базасы күдіктіні анықтауға мүмкіндік берген.

"Сәйкестік толық дәлелденді. Нәтижесінде 65 жастағы ер адамның жеке басы анықталып, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу кезінде ол өз кінәсін мойындады", – делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz