Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада 23 жастағы жігітті сауда орталығынан әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен

Астанада 23 жастағы жігітті сауда орталығынан әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен
Фото: видеодан скриншот

Астанада әскери комиссариат қызметкерлері полициямен бірлесіп, бір азаматты жұмыс орнынан күштеп әкеткені туралы видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Желіде жарияланған бейнежазба “Аружан” сауда орталығында түсірілген. Кадрда төрт ер адамның жас жігітті қолынан ұстап, сыртқа қарай жетектеп бара жатқаны байқалады. Олардың арасында полиция формасындағы қызметкер де бар. Оқиға қолданушылар арасында үлкен резонанс тудырып, әртүрлі пікірлер жазылды.

Астана қалалық Қорғаныс істері департаменті жағдайға түсініктеме беріп, видеодағы азамат дерекқорда әскерге шақырылуға тиісті адамдардың қатарында тұрғанын мәлімдеді.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, 4 желтоқсанда жедел-алдын алу іс-шаралары барысында полицейлермен бірлескен топ 2002 жылы туған азамат Ә.-ні тоқтатқан. Тексеру кезінде оның әскерге жарамдылығын анықтау үшін міндетті медициналық тексеруден өтпегені анықталған.

Оған қажетті медициналық комиссиядан өту мақсатында қалалық жинақ пунктіне бару ұсынылған. Алайда азамат бұл талапты орындаудан бас тартқандықтан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ол медициналық тексеруге мәжбүрлі түрде жеткізілген.

Департаменттің хабарлауынша, алғашқы медициналық тексеру нәтижесінде азамат тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша қосымша тексеріске жіберілген. Оған тиісті жолдама рәсімделіп, кейін үйіне қайтарылған.

Сонымен қатар, оның тарапынан қандай да бір заңсыз әрекеттер жөнінде шағым немесе өтініш түспегені атап өтілді.

Оқиға қоғамда әлі де талқыланып жатыр, ал әлеуметтік желі қолданушылары мұндай тәсілдің заңдылығына қатысты түрлі пікір білдіруде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.