“Балаң жетесіз болса, құрбан шалудан не пайда?”: Нұрлан имам үндеу жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда студенттерді диплом қорғай сала әскери комиссариатқа алып кеткен

Қарағандыда студенттерді диплом қорғай сала әскери комиссариатқа алып кеткен
Фото: ашық дереккөз

Қарағандыда әскери комиссариат қызметкерлері техникалық университеттің бес түлегін диплом қорғағаннан кейін бірден медициналық комиссияға алып кеткен, деп хабарлайды жергілікті тұрғында, деп хабарлайды kznews.kz.

Түлектердің бірінің әпкесінің айтуынша, 23 мамыр күні диплом қорғауы аяқталған соң комиссариат өкілдері бірнеше студентті аудиториядан шығармай, кейін әскерге шақырту қағазын табыстаған. Құжатта әскери комиссариатқа келу уақыты таңғы 9:00 деп көрсетілгенімен, шақырту кешкі уақытта берілген.

Одан кейін жігіттер медициналық тексеруден өткізіліп, әскерге жіберілетіні айтылған. Алайда студенттердің бірі 1 шілдеге дейін әскерге шақыруды кейінге қалдыру құқығына ие болған және магистратураға түсуге дайындалып жүрген.

«Маған әскери комиссариат қызметкерлері: “Кедергі келтірмеңіз, қазір ол Приозерскіге барады, егер уақытты созсаңыз, Отарға не Шуға жіберіледі” деді», – дейді жігіттің әпкесі.

Ол әскери прокуратураға, Қорғаныс министрлігіне және полицияға шағымданғаннан кейін ғана студенттер босатылған.

Қарағанды облыстық шақыру комиссиясы бұл жағдайға байланысты тексеру басталғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, заң бұзушылық немесе өкілеттікті асыра пайдалану фактісі расталса, кінәлілер жауапқа тартылады

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.