Астанада түс ауа жел күшейіп, қала қарлы боранның құрсауында қалды. Салдарынан көшелерде кептеліс пайда болып, оқушыларға сабақ тоқтатылды деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Қарлы боран жарты күннен бері астаналықтарды әбден әуреге салуда.

Фото: NUR.KZ
Көшеде көлік қозғалысы қиындап, коммуналдық қызмет мамандары қала ішін қалың қардан тазалап үлгермей жатыр.

Фото: NUR.KZ
Түк көрінбейтін бораннан қаладағы бағдаршамдарды әрең көруге болады.

Фото: NUR.KZ
Айта кетерлігі, синоптиктер кешелі бері елордалықтарды күшті жел әрі қалың қар жауады деп ескертіп жатыр. Енді алдағы күн ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеп, саршұнақ аяз болады деп күтілуде. Сондай-ақ, ертең бірінші және екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Сіздің реакцияңыз
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz