Спорт

«Astana Qazaqstan Team» велокомандасының жаңа маусымға арналған жарыс кестесі белгілі болды

«Astana Qazaqstan Team» велокомандасының жаңа маусымға арналған жарыс кестесі белгілі болды
«Astana Qazaqstan Team» велоұжымы Испанияның Алтеа қаласында алдағы маусымға арналған оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Велошабандоздар 2022 жылғы маусымды Испания және Португалияда өтетін жарыстардан бастамақ. Велокоманданың жаңа маусымға арналған жарыс кестесі төмендегідей: • «Джиро д'Италияға» – Мигель Анхель Лопес, Винченцо Нибали және Давид Де Ла; • «Тур де Франсқа» – Алексей Луценко, Нибали, Лопес және Джанни Москондар; • «Испания Вуэльтасына» – Давид Де Ла Крус; • «Хаэн Параисо Интериорға» – Алексей Луценко; • «Валенсия Вуэльтасына» – Винченцо Нибали; • «Солтүстік классикалық жарыстарына» – Джанни Москон қатысады деп жоспарлануда. Айта кететіні, биыл елордалық велокоманданың құрамы бірқатар тәжірибелі велошабандоздармен толықты. Олар алдағы маусымда әлемдік велододаларда бақ сынайтын болады. «Астана» кәсіби спорт клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, құрылтайшысы – Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры

Оралбай МЕРГЕНБАЙҰЛЫ

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz