"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астана Опера театрында жаңа жылдық концерт өтеді

Астана Опера театрында жаңа жылдық концерт өтеді
24 Желтоқсан 2018, 11:47 170 0

Астана, BAQ.KZ. «Астана Опера» әртістері елорда тұрғындары мен қонақтарын «Шырша маңындағы Рождествоға» шақырады. Музыкалық кеш 25 желтоқсан күні театрдың Камералық залы сахнасында өтеді. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлайды.

Мерекелік бағдарламаға С.Франктың Месса ми минор туындысынан «Panis Angelicus», К.Сен-Санстың «Tecum principium» Рождестволық ораториясы ор. 12, А.Лоттидің «Crucifixus», К. де Моралестің «O magnum mysterium», дәстүрлі француз халық колядкалары, И.Шульцтің «O Come, Little Children», Ф.Грубердің «Волшебная ночь», П.Чайковскийдің Танец Феи Драже, А.Аданның «О Holy Night», Л.Реднердің «O Little Town of Bethlehem», ағылшын халық әуені «The First Noel», Д.Крамердің «В лесу родилась ёлочка» тақырыбына арналған фантазиясы, Дж.Пьерпонттың «Jingle Bells», Д.Фрейзердің «This Christmastide» т.б. аспаптық музыкасы енді.

Концертке «Астана Опера» солистері – Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова (сопрано), Татьяна Вицинская (меццо-сопрано), сондай-ақ балаларға арналған театр студиясының хоры, жетекшісі – Алтынғаным Ахметова қатысады. Олармен бірге аспапшы музыканттар Әнел Шәкірова, Әсел Жақиянова (скрипкалар), Ботагөз Қалиева (виолончель), Балжан Сапарова (флейта), Ерболат Ташкенбаев (соқпалы аспап), Елена Сахно (фортепиано) өнер көрсетеді. Тыңдармандарды Фархад Болатов, Павел Бородулин, Алмас Сағымбаев, Қайрат Егімбаевтан құралған тромбондар квартеті, Марат Қонысбаев, Қалқаман Дүйсенбаев, Манар Исаханов, Мадияр Белековтен құралған валторна квартеті өз өнерлерімен қуантатын болады.

Алғаш рет «Астана Опера» театрының сахнасында Салтанат Әбілханованың орындауында орган музыкалық аспабы шырқалады. Музыкалық кештің авторы әрі бастамашысы – «Астана Опера» симфониялық оркестрінің әртісі, арфада өнер көрсетуші Любовь Ткаченко.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Жандос