Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астана кептеліспен Токио тәжірибесі бойынша күреседі – Қасымбек

Астана кептеліспен Токио тәжірибесі бойынша күреседі – Қасымбек

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалада Токио үлгісімен көпдеңгейлі көшелер салу жоспары барын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл жөнінде қала басшысы Жапонияда өткен саммит аясында Ulysmedia тілшісіне айтып берді. Жеңіс Қасымбектің сөзінше, бір күн бұрын Токио мэриясымен тиісті құжаттарға қол қойылған.

Тараптар қаладағы негізгі мәселелерді шешу бағытында ынтымақтастық орнатуға келіскен. Атап айтқанда, көлік кептелісін азайту, төтенше жағдайлар кезінде коммуналдық қызметтердің жұмысын үйлестіру және қалалық процестерді цифрландыру мәселелері қамтылған.

Әкімнің айтуынша, Токио агломерациясында 30 млн-нан астам адам тұрады. Соған қарамастан, онда кептеліс мәселесі көпдеңгейлі көлік инфрақұрылымының арқасында тиімді шешіліп отыр.

– Өзіңіз көрдіңіз, көшелері, жол айрықтары бірнеше қабатты. Енді біз келесі жылдан бастап бірнеше көшені осындай тәжірибемен жаңадан саламыз. Қабанбай даңғылын Қосшыдан бастап екінші деңгейге көтеріп, қаланың орталығы арқылы өткізіп, қаланың ескі бөлігіне дейін апарамыз деп жоспарлап отырмыз. Осындай 2-3 көше болады. Мысалы, Азия мемлекеттерінің қай астанасын алсақ та, Токио болсын, Сеул, Пекин, Манила, Джакарта, осы мәселені тек осылай шешеді. Басқа жолы жоқ, – деді Қасымбек.

Астана әкімі жобаны қаржыландыру мәселесіне қатысты сұрақ қазір пысықталып жатқанын айтты.

– Оны қазір ойластырып тұрмыз. Инвесторлармен бірге іздейміз. Әр түрлі бар. Оның ішінде бюджет те бар, қаланың бюджеті бар және кредиттер аламыз деп жоспарлап отырмыз, – деді ол.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.