«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды
Фото:gov.kz

Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген Ақорда хабарламасында.

Ол 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Нұр» Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.

2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді.

2014 жылы — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының м.а.

2014-2021 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры.

2021-2022 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.

2022-2023 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

2023 жылы — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы болды.

2024 жылы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылған еді. 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі