Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Асқар Сүлейменовтің анасының аты»: Қымбат Досжан немересіне ерекше есім қойды

«Асқар Сүлейменовтің анасының аты»: Қымбат Досжан немересіне ерекше есім қойды

Қазақстандық тележүргізуші Қымбат Досжан жақында ғана дүниеге келген немересіне қалай кімнің есімін қойғанын айтып берді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Айтотым деп атадым немеремді! Айтоты – қазақтың мықты, арда азаматы, жазушы, драматург Асқар Сүлейменовтің анасының аты. Азан шақырып қойған есімі Қымбат екен анамыздың. Апамыздың ақылы мен көркіне, сұлулығына тәнті болған ел-жұрты Айтоты деп атап кеткен", – деп бөлісті тележурналист.

Қымбат Досжан Асқар Сүлейменовпен алғашқы таныстығын еске алып, неге ол кісінің анасының атын бергенін де түсіндірді.
"Осындай мықты анадан туған Асқар Сүлейменов ағамызды мен ең алғаш "Жетінші палата" спектаклін тапсыру кезінде көріп, әсіресе құсмұрынды келбетіне таңғалған едім. Жазушы ағамыздың сол спектакльдің тапсырылу кезінде айтқан сөздерін бүкіл театр артистері, Жүргенов театр өнері студенттері ұйып тыңдаған едік. Ой иірімдері тура бір ғарыш секілді еді. Қарагөз сіңлімді құлағдар етіп, әжесінің есімін немереме қойғанымды айтып қуанттым. Немере қатары көбейе берсін, Балайым Айтотым атты сіңлілі болды", – деп жазды Қымбат Досжан.

фото: ашықдереккөз
Автор
Еркебұлан

Журналист