KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Асқар Ақаев Назарбаевтың денсаулығы туралы айтты

Қайсар Қанат
Асқар Ақаев. Фото: kaznu.kz

Ақаев бұл туралы журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында мәлімдеген. Ол қазіргі уақытта Мәскеуде тұрып, Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып жұмыс істейтінін жеткізді. Сондай-ақ білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатынын айтты.

Бұрынғы президенттің сөзінше, ол Ыстықкөлге 22 жылдан кейін алғаш рет келген. Қырғызстанға бұған дейін төрт жыл бұрын барғанын және елге кіруіне қатысты ешқандай кедергі жоқ екенін де атап өтті.

Сұхбат барысында Асқар Ақаевтан Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы сұралды. Ол Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ұзақ жылдар бойы құрметпен қарайтынын және араларында жақсы қарым-қатынас сақталғанын айтты.

Журналист Назарбаевты соңғы рет қашан көргенін сұрағанда, Ақаев оны жуырда кездестіргенін жеткізді.

"Соңғы рет жақында көрдім. Ол тірі, дені сау. Жағдайы өте жақсы", – деді Асқар Ақаев.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 2026 жылғы 23 тамызда Астанада өткен Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берген. Бұл туралы оның ресми сайтында хабарланған.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →