Елдегі ең ықпалды әйелдер. Олар кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Асқар Ақаев 2005 жылы Қырғызстаннан не үшін кеткенін айтты

Асқар Ақаев 2005 жылы Қырғызстаннан не үшін кеткенін айтты
Асқар Ақаев. Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев 2005 жылғы наурыз оқиғалары кезінде елден кету себебін түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Қырғызстаннан кетуін қашу деп бағалауға болмайды. Ақаев бұл шешімді елде қантөгіс болмауы үшін қабылдағанын мәлімдеді.

Exclusive.kg басылымына берген сұхбатында ол президенттік кезеңіндегі бірқатар маңызды шешімге тоқталған. Атап айтқанда, ұлттық валюта – сомды енгізудің маңызын, «Құмтөр» жобасын іске қосу себептерін және отбасы мүшелеріне қатысты айтылған айыптарды сөз еткен.

Ақаев өзінің мемлекет басшысы ретіндегі ең үлкен жетістіктерінің бірі ретінде ұлттық валютаның енгізілуі мен демократиялық институттардың қалыптасуын атады.

Ал президенттік кезеңіндегі ең үлкен қателігі ретінде Ақсы оқиғасының алдын дер кезінде ала алмағанын мойындаған.

Асқар Ақаев Қырғызстанды 1990 жылдан 2005 жылға дейін басқарды. 2005 жылғы «Қызғалдақ революциясы» кезінде ол елден кетіп, кейін президент қызметінен ресми түрде бас тартты.

Оның Қазақстанмен де туыстық байланысы болған. 1990-жылдардың соңында Ақаевтың үлкен ұлы Айдар Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваға үйленген. Алайда олардың некесі шамамен үш жылға созылған.

2005 жылғы саяси дағдарыс кезінде Асқар Ақаевтың Бішкектен шығып, Қазақстан арқылы Ресейге ұшуына Нұрсұлтан Назарбаев көмектескені айтылады.

Осы оқиғалардан кейін Ақаев Мәскеуге қоныстанып, ғылыми қызметпен айналыса бастады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер