KZNews.kz
Жаңалықтар

Асанәлі Әшімовтің 2022 жылы күнделігінде жазып қойған жазбасы елді толқытты

Дархан Тоқан
kznews.kz коллажы

Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театры директорының шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Елік Нұрсұлтанұлы марқұм актер Асанәлі Әшімовті еске алып, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады. Ол өнер тарланының көзі тірісінде жазып кеткен күнделігінен үзінді келтіріп, жұртты ойға қалдырған жолдармен бөлісті, деп хабарлайды Kznews.kz.

Театр өкілінің айтуынша, ұлы актердің 40 күндік асы өткен. Сондай-ақ ол 2022 жылы Асанәлі Әшімов өз қолымен қағазға түсірген жазбада адамды селт еткізер бір ой қалдырғанын жеткізді.

– Бүгін Асанәлі ағамыздың 40 күндік асы өтті. 2022 жылғы күнделігінде өз қолымен жазған жазбасында: «Бүгін құлағыма 88 деп сыбырлады. Оған дейін әлі 4 жылым бар екен», – депті. Арқасы бар адам ғой, жарықтық… Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Әумин, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл жазбаға үн қосып, Асанәлі Әшімовтің қазақ театры мен киносына сіңірген еңбегін атап өтті. Көпшілік оны сахна өнерінің символына балай отырып, есімі ел жадында мәңгі сақталатынын жазып жатыр.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →