Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Арыстанбек Мұхамедиұлы Instagram желісіндегі алғашқы жазбасында Димашпен бірге түскен суретін жариялады - Қазақстан жаңалықтары

Арыстанбек Мұхамедиұлы Instagram желісіндегі алғашқы жазбасында Димашпен бірге түскен суретін жариялады - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әлеуметтік желілерде аккаунт ашты. Ол Instagram желісіндегі алғашқы жазбасында Әлібек Дінішев және Димаш Құдайбергенмен түскен суретін жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр Instagram, Twitter және Telegram әлеуметтік желілерінде аккаунт ашып, алғашқы жаналықтармен бөлісті. 

«Достарым, сіздерге Instagram желісінен сәлем жолдаймын! Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған мемлекеттік делегация құрамында Ташкент қаласындамын. Екі ел басшылары Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанатына қатысады. Суретте репетиция сәті бейнеленген», - деп жазды алғашқы жазбасында министр.

Instagram, Twitter және Telegram әлеуметтік желілерінің қолданушылары министрдің аккаунтына жазылып, министрдің қызметі, оның кездесулері мен келіссөздері жайлы оперативті жаңалықтар ала алады.

Арыстанбек Мұхамедиұлының Instagram желісіндегі парақшасы - arystanbekmukhamediuly. Twitter желісінде - mukhamediuly, Telegram-да - mukhamediuly.


stan.kz
Автор
Жандос