Саясат

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы ауысты

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы ауысты

Бұл туралы Kznews.kz медиа-порталы компанияның баспасөз қызметі таратқан мәлімдесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияның баспасөз қызметінің айтуынша, Ленин атындағы шахтадағы апатты тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның 3 қарашадағы баяндамасы АрселорМиттал Теміртауда осы маңызды шешімдерді қабылдауға негіз болған.

"Владимир Иванович Яблонский мырза "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директорының міндетін атқарушы болып, Виктор Викторович Гафиулов мырза "АрселорМиттал Теміртау" АҚ тау-кен ісі департаменті бас директорының міндетін атқарушы болып олардың қызметіне дереу кірісуімен тағайындалды", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Биджу Наир мен Джелсон Батиста АрселорМиттал вице-президенті және АрселорМиттал ТМД бас директоры Виджай Гоялдың кеңесшілері болып тағайындалды.

"Бұл оларға ағымдағы жағдайға және 3 қарашада Ленин атындағы шахтада болған апаттың себептерін тергеуге толық назар аударуға мүмкіндік береді", - дейді компания.

Айта кетейік, Яблонский кәсіби қызмет жолын 1989 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатында (қазіргі АрселорМиттал Теміртау) бастаған. Оның металлургия саласында 33 жылдық тәжірибесі бар.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz