KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Арманым орындалды»: Жан Ахмадиев қайын атасына қымбат сыйлық жасады

Торғын Абушахман
Фото: Видеодан скрин

Танымал блогер Жан Ахмадиев қайын атасына тосын сый жасап, автосалоннан су жаңа көлік тарту етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бұл сыйлықтың өзі үшін ерекше мәнге ие екенін жазды. Айтуынша, туған әкесі өмірде болмаса да, ол әрдайым әкесіне көлік сыйлауды армандап келген.

«Қайын атама жаңа көлік сыйладым. Әкенің орны бөлек, ал қайын ата – құрметтің жалғасы. Үйде береке, жолда амандық болсын», – деп жазды Жан Ахмадиев.

Желі қолданушылары блогердің бұл әрекетін жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →