KZNews.kz
Жаңалықтар

"Арақ ішіп, көк тумен сахнаға шығу жоғынан": Нұрлан Қоянбаев неліктен ашуланды?

Қайсар Қанат
kznews.kz коллажы

"Ирина Кайратовна" тобының қатысушысы Алдияр Жапарханов әлеуметтік желіде көпшілікке үндеу жасап, продюсер әрі шоумен Нұрлан Қоянбаевпен арасына от салмауды сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бастапқыда Алдияр Жапарханов Threads желісінде жазба жариялап, "Ауру" фильмінің режиссері Айтөре Жолдасқалиға:

"Ауру 2", "Ауру в Бразилии" деген жоғынан, қазір айтып қояйын", – деп жазды.

Кейіннен бұл жазбаның астына танымал продюсер, "Бизнес по-казахски" киносының авторы Нұрлан Қоянбаев та пікір қалдырды. 

"Арақ ішіп, көк тумен сахнаға шығу жоғынан", – деп жазды Нұрлан Қоянбаев.

Алдияр Жапархановтың айтуынша, ол кезінде Нұрлан Қоянбаевтың қол астында жұмыс істеген және әрдайым ағаны құрмет тұтқан.

"Нұрлан Қоянбаев – менің бұрынғы басшым. Оның жанында жұмыс істедім. Оған деген құрметімді Нұрекеңнің өзі жақсы біледі. Сондықтан хайп үшін бізді жау қылмай-ақ қойыңыздар. Түрлі мысалдарды келтіріп, ара-қатынасымызды бұзудың қажеті жоқ. Нұрекеңнің қазақ киносына сіңірген еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Соңғы тредсті де түсініспеушілік тумасын деп өшірдім. Әзілді әзіл ретінде қабылдап, тырнақ астынан кір іздемеңдер", – деп жазды ол.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары