KZNews.kz
Қаржы

Ақылды төлем – нақты үнем: байланыс абоненттеріне арналған лайфхактар

Ілияс Тұрсынхан
Фото: Казахстан подешевле

Ақылды төлем – нақты үнем: байланыс абоненттеріне арналған лайфхактар

Соңғы айларда коммуналдық қызметтердің бағасы айтарлықтай өсті, бұл көптің қалтасына салмақ болды. Біреулер тарифтерді салыстырып жүргенде, басқалары байланыс операторының бонус бағдарламасы арқылы жұмсалған қаражаттың бір бөлігін қайтарудың жолын тапты. Соның ішінде activ-тің ұсынысы ерекше көзге түсіп отыр. Бүгінгі таңда оператор клиенттеріне қоғамдық көліктегі төлемдер үшін 100% бонус, ал коммуналдық төлемдер үшін 20%-ға дейін бонус қарастырған. Ең бастысы – бұл бонустар нақты, оларды көлік, коммуналдық қызметтер және басқа да төлемдер үшін қайта пайдалануға болады.

Көлікке төлем – 100% үнем

Күн сайын балалар үйірмеге, ересектер жұмысқа, біреулер жаттығуға барады. Ал әжелер таңертең қайда баратыны – әлі де жұмбақ. Бірақ activ абоненттерінде, әсіресе «Отбасылық» тарифке қосылғандар үшін нақты лайфхак бар: оператордың қосымшасы арқылы ОҢАЙ картасын толтырғанда, әрбір операция үшін 100% бонус беріледі. Мысалы, activ қосымшасы арқылы ОҢАЙ-ды 150 теңгеге толтырдыңыз – 150 бонус алдыңыз. Келесі күні осы бонустармен тағы да көлік картасын толтырып, қайтадан кешбэк аласыз. Бұл цикл осылай қайталана береді. Бір ай ішінде көлік шығындарының көп бөлігін қайтарып алуға болады.

Коммуналдық қызметтерге – 20%-ға дейін бонус

Коммуналдық төлемдер де – үнемдеуге болатын тағы бір маңызды шығыс көзі. activ қосымшасындағы «Төлемдер» бөлімінде коммуналдық қызметтерді төлеген болсаңыз, OGO бонус шотына төлем сомасының 20%-ына дейін бонус (айына максимум 5000 бонус) есептеледі. Суды, жылуды, лифтті немесе күзет қызметін төледіңіз – бірден бонус алдыңыз. Бұл бонустарды келесі төлемдерде пайдалануға болады. Ең бастысы, бонуспен төлем жасағанда да кешбэк есептеледі. Маңызды деталь: бүгінде бонус үшін қайта бонус беретін қызмет тек activ байланыс операторында.

Апталық қосымша сыйлықтар

Маусым айынан бастап қосымша акция басталды: баланс арқылы 500 теңгеден басталатын кез келген қызметті төлеңіз (мысалы, ОҢАЙ картасын 100 теңгеден 5 рет толтыру) – және сіз автоматты түрде 10 000 теңгелік 50 ақшалай сыйлық ойнатылатын апталық ұтыс ойынына қатысасыз. Акция жыл соңына дейін жалғасады.

«Отбасылық» тариф: барлығы ішінде

Барлық осы бонустар activ операторындағы «Отбасылық» тариф шеңберінде қолжетімді. Бұл тариф бір топқа 7 адамға дейін біріктіруге мүмкіндік береді осылайша бүкіл отбасы бір пакетке қосылады. Бір адам тарифті төлейді, ал барлығы ортақ пакетті пайдаланады: шексіз интернет, желі ішінде шектеусіз қоңыраулар, басқа нөмірлерге 700 минутқа дейін, қалалық нөмірлерге 70 минутқа дейін, 300 SMS және Яндекс Плюс қызметіне тегін жазылым. Сонымен қатар, құрылғыларды дабыл жүйесін, GPS-сағаттарды немесе үй интернетін қосуға болады. Қазір арнайы ұсыныс бар: 7 адамнан тұратын отбасы үшін толық пакет айына 9990 теңге – бұл әр адамға шаққанда небәрі 1430 теңге. Ал басқа оператордан ауысқан клиенттер үшін 2025 жылдың соңына дейін 50% жеңілдік қарастырылған

Ілияс Тұрсынхан
Автордың басқа материалдары