Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтоты Райымқұлова мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды

Ақтоты Райымқұлова мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтоты Райымқұлованы мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындады. Тоқаевтың жарлығы 17 маусымда Ақорда сайтында жарияланды.

Бұл күні мәжілістің мәдени-әлеуметтік даму комитеті 55 жастағы Райымқұлованы мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындауға келісім берген.

Ал осы министрлікті басқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босатылды.

Райымқұлова Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны "композиция және фортепиано" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016 жылдың қыркүйегінен бері мәдениет және спорт министрінің орынбасары болған.


Azattyq
Автор
Арман