Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбелік тұрғын көлігінің ішіне бензин шашып өзін өртемек болды

Ақтөбелік тұрғын  көлігінің ішіне бензин шашып өзін өртемек болды

Ақтөбелік тұрғын көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды.


Оқиға 18 шілде күні сағат 20:23-те тіркелді. Ақтөбе облыствқ ТЖД кезекші-диспетчерлік пультіне полиция қызметкерлерінен хабарлама түсті. Ақтөбе қаласының тұрғыны "Лексус 350" маркалы жеке автокөлігінің салонына бензин құйып, есіктерін құлыптап, өзін-өзі өртемек болды.

"Шақырту орнына шұғыл түрде 8 адам және 2 техника жіберілді. Оқиға орнына келген бойда өрт сөндіруші-құтқарушылар, азаматтық қорғау кіші сержанттары Т.К. Сырымбетов пен А.Р. Омаров машинаның артқы әйнегін сындырып, ал басқа құтқарушылар көбік шашты. Осылайша жедел әрі тиянақты әрекет ету нәтижесінде 1983 жылы туған тұрғын құтқарылды",- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Автор
Айбар