ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде жол апатында өртеніп кеткен үш баланың әкесі де қайтыс болды

Ақтөбеде жол апатында өртеніп кеткен үш баланың әкесі де қайтыс болды

Ақтөбеде көлік апаты кезінде тірідей өртеніп кеткен үш баланың әкесі де қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты «КТК» арнасына сілтеме жасап.

46 жастағы отағасының сүйегінің сау-тамтығы қалмаған. Басынан да ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

«Жедел медициналық жансақтау бөлімінде бүкіл емі жасалды. Соған қарамастан сегіз сағаттан соң науқас қайтыс болды», – дейді Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Жандос Дербіс.

Марқұмды жақындары Алға ауданына алып кетіп, балаларымен бірге жерледі. Лада-Ларгус көлігін тізгіндеген ол алдындағы машинаны басып озамын деп, қарсы келе жатқан жүк көлігімен түйіскен. Жол жиегіне аударылғанда көлігі өртеніп, үш баласы тірідей жанып кетті. Кішкентайы бір жаста. Қалған екеуі 13, 15 жаста болған. Апат кезінде әкесі көліктің терезесінен сыртқа ұшып кеткен.
Автор
Еркебұлан