«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде сот үкімін тыңдаған марқұмның анасы жылап қалды

Ақтөбеде сот үкімін тыңдаған марқұмның анасы жылап қалды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

57 0 0

Қалыңдығын буындырып өлтірген жігітке кесілген үкіммен марқұмның туыстары келіспей отыр. Енді олар облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірмек

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Ақтөбеде қалыңдығын өлтірген Бақыт Орынбасаров 10 жылға сотталды. 

Енді 23 жастағы жігіт 10 жыл өмірін түрмеде өткізеді. Үкімді тыңдауға марқұмның туыстарының барлығы жиналды. Олар "күйеу баламыз болады" деген жігіттің қандықол қылмыскерге айналғанына күйініп отыр. Оған ешқашан кешірім бермейтінін айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Сондықтан сот отырысы барысында сотталушы жалынса да, жалғыз қызынан айрылған ата-ана судьядан қатаң жаза тағайындауды сұрады.

"Қарғыс атсын! Мен тоқтамаймын. Бұл саған аз. Қызымды ешкім қайтара алмайды. Қайда барамыз? Кімнен сұраймыз? Жалғыз қызымды өлтіріп, он жыл ғана алып отыр", - деді зар жылап қалған ана.

Айта кетейік, биыл жоғары оқу орнын бітірген Әсем Эльбрусова сотталушымен бір жарым жыл бойы кездескен. Жақында құда түсіп, үйленуді жоспарлапты. Алайда бес ай бұрын ғашықтар жалдамалы пәтердегі кездесу кезінде сөзге келіп қалған көрінеді.

Ашуға булыққан Бақыт Орынбасаров қызды өз қолымен буындырып өлтірген. Осы қылмысы үшін жас жігіт 10 жылын түрмеде өткізуі тиіс. Бірақ мұны марқұмның жақындары азсынып отыр. Енді олар облыстық сотқа апелляциялық шағым түсіруді жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: Күйеу жігіт сене алар емес - үйлену тойы күні сұмдық жағдай болды


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан