Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/878/08/8780898.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/incidents/20191230/12425234/Polisiya-departament-Aktobe.html
"WhatsApp"-та тұрғындар арасында болған төбелестің видеосы тарап жатыр. Тәртіп сақшылары жанжалға мемлекеттік қызметшілердің қатыспағанын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Төбелес Ақтөбеде қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары жанжалдың осыдан төрт күн бұрын болғанын айтады.
"WhatsApp"-та Ақтөбе қаласындағы мейрамхананың бірінде фойеде болған төбелестің видеосы тарап жатыр. Бұл оқиға 25 желтоқсаннан 26-сына қараған түні тіркелді. Төбелес дүкен мен компания жұмысшылары арасында болған. Жанжалға қатысушылар мемлекеттік қызметте жұмыс істемейді", - делінген хабарламада.
Бұл фактіге қатысты Ақтөбе қаласы №1 қалалық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-тармағы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Тәртіп сақшылары оқиға қатысы бар күдіктілерді ұстады. Бүгінде олар Ақтөбе қаласы полиция департаментінің уақытша тергеу абақтысына қамалды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
sputniknews.kz