Ақтөбеде көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті. Өрт кезінде ана бес баласымен бірге үйде болған. Бұл туралы "Мой город" басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
"Мен таңғы сағат тоғызда жұмысқа бара жаттым. Ал он бес жастағы үлкен қызым көршілерге кетті. Өрт сағат онда шықты. Қызымның үйге дер кезінде келгені жақсы болды. Ол әйелім мен кішкентай қызымды құтқарып қалды", — дейді отағасы Зейнулла Бекмағамбетов.
"Жерді демеушілердің есебінен бөліп, жаңа үйге құрылыс материалдарымен көмектесеміз", — деді Ақтөбе әкімдігі.
stan.kz