Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде ерлі-зайыптылар мүгедекке күштеп қайыр сұратқан

Ақтөбеде ерлі-зайыптылар мүгедекке күштеп қайыр сұратқан

Ақтөбеде полиция мүгедекке қысым жасап, қайыр сұратқан ерлі-зайыптыны анықтады.

Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов айтты.

Биыл ақпанда ерлі-зайыпты 46 жастағы арбаға таңылған ер адамды қорқытып, зорлық-зомбылық жасап, Шымкенттен Ақтөбеге қайыр сұрауға мәжбүрлеп алып келген.

- Күн сайын таңертеңнен кешке дейін мүгедек базарлар аумағында және жұмада мешіттердің жанында күніне 5-6 мың теңге жинаған. Күдіктілер барлық кірісті өздері иемденген, - деді Қанат Нұрмағамбетов ІІМ-де өткен брифингте.

Бұл факті негізінде Қылмыстық кодекстің 128-бабы 1-бөлігі бойынша («Адам саудасы») сотқа дейінгі тергеу басталды.
Автор
Еркебұлан