KZNews.kz
Қоғам

Ақтөбеде 136 адамды алдаған адамға үкім шықты

Ayzhan Sylanova
коллаж: Елдар ҚАБА

Тергеу мәліметінше, Қазбаева адамдардың сеніміне кіріп, «ізгі істерге» қаржы қажет екенін айтып, мешіт пен медициналық орталық салу, сондай-ақ баласын шетелде емдету және емшілік ісін дамыту деген желеумен азаматтарды банктен несие алуға көндірген. Алайда ол алынған ақшаны мақсатсыз жұмсап, қайтаруға ниет білдірмеген.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы залалдың сомасы 579 миллион теңгеге жеткен.

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Прокурор оның әрекеттерін аса ірі көлемдегі алаяқтық деп бағалап, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды және жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандыруды сұрады.

Сот мемлекеттік айыптаумен келісе отырып, Қазбаеваны кінәлі деп таныды. Үкімге сәйкес, ол жазасын екі жылдан кейін өтей бастайды – сол уақытта оның баласы 14 жасқа толмақ.

Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары