«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе қоғамдық көлігінде карантин тәртібі бұзылды - Қазақстан жаңалықтары

Ақтөбе қоғамдық көлігінде карантин тәртібі бұзылды - Қазақстан жаңалықтары

Ақтөбе тұрғындары карантин тәртібін бұзуға мәжбүр. Қоғамдық көлікте тығылысып, санитар мамандардың ескертуін елер емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына ссілтеп хабарлайды. 

Таң атпай жұмысқа асыққан ақтөбеліктер үш мезгіл қаланы аралайтын санаулы автобусқа үлгеріп мінгісі келеді. Жаныққаннан көпшілік жиналған жерде вирус жұқтыру қаупі барын білгенімен, көлігі жоқтарының бұдан басқа амалы қалмаған.

Карантин талабына сәйкес автобуста қанша орын болса, сонша адам міну кірек. Жолаушының түрегеп тұруына тыйым салынған. Енді осы тәртіпті реттей алмаған жолаушылар тасымалының қызметкерлері жауапқа тартылады.

Әкімдіктегілер қосымша тағы бірнеше автобус шығарамыз деп отыр. Бірақ қызметін тоқтатпаған мекемелер карантин кезінде жұмысшыларының қатынасын өздері қамту керек дейді шенеуніктер.

"Автобуста орын санына байланысты жаңағы жолаушылар отырғызылу тиіс болатын. Бүгінгі күнде таңғы уақытта осындай жағдайға байланысты артықтау жолаушыларды алғанына байланысты тасымалдаушылар тарапына ескертпе берілді және одан әрі шара қабылдаймыз", - дейді Ақтөбе қалалық ТКШ және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашев.


stan.kz
Автор
Әлихан