KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 өзбекстандық азамат қаза тапты

KZNEWS

3 сәуірде Самара – Шымкент автожолында орын жол көлік оқиғасы орын алып, сегіз адам қаза тапты.

Полицияның мәліметінше, ЖКО Өзбекстан азаматы басқарған Volvo жүк көлігі мен Toyota-Alhpard минивенінің қатысуымен Маржанбұлақ кентінің жанында болған.

"Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен оның жеті жолаушысы - Өзбекстан азаматтары оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінде доңғалақ жарылып, жүргізуші көлік құралын басқарудан айырылып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен", – делінген хабарламада.

Фото: polisia.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары